Жұмыскерге жол керек
Атырау қаласындағы И.Тайманов атындағы мектепте шаһар басшысы Серік Шәпкеновтың қатысуымен Жұмыскер ауылдық округінің әкімі Қайрат Хабиев 2016 жылдың қорытындысы мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тұрғындар алдында есеп берді.
Жалпы ауылдық округ көлеміндегі 133 көшенің 38-інде тас жол болса, 95 көшеде тас жол төселмеген. Былтыр бұл бағытта жұмыстар атқарылды, мәселе биылғы жылы шешімін табады деп сенеміз, — дейді округ әкімі Қайрат Хабиев.
– Сенбілік барысында «Бір тал, бір өмір» науқаны ұйымдастырылып, барлығы 588 түп тал отырғызылды.
Кездесуде тұрғындардың басым бөлігі қаңғыбас иттерді жою, көшелерді түнгі жарықтандыруға қосу, жол-жөндеу жұмыстары, күл-қоқысты сыртқа шығару үшін арнайы көлік ұйымдастыру сынды мәселелерді көтеріп, жауаптар алды. Әсіресе, кейбір шағын көшелерге жол салу жайы тағы айтылды.
Абай Ақмұрзиев