Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Өзгеге өмір, өзіңе құрмет

14 маусым – Дүниежүзілік донор күні. Жыл сайын бұл мерекеге орай облысымызда маңызды іс-шаралар ұйымдастырылады. Атаулы күнде мүлде танымайтын   басқа жанның өмірін құтқару үшінөзінің қанын берген тұрғындар құрметке бөленеді. Биыл да облыстық қан орталығында мереке кең көлемде аталып өтпек.

денсаулық

Орталықтың директоры Жәңгірхан Бахоновтың айтуынша, соңғы кездері өз еркімен келіп қан тапсырып, донор болатын жеке адамдардың қатары артып келеді. Атап айтқанда, ізгілікті іске иіліп тұратын Атырау мұнай өңдеу зауыты, Атырау жылу орталығы, Атырау медицина колледжі, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі, С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің студенттері мен қызметкерлері жыл сайын тұрақты донор болып жүр.

– Адам қаны – физиологиялық әсері бар өте пайдалы биологиялық препарат.  Көп ретте қан хирургияда, акушерлік жағдайда, балалар өмірін сақтауда қолданылады. Бойында бес литр-ден астам қаны бар әр сау адам үшін 200-400 мл. қан тапсырудың ешқандай зияны жоқтығы ғылыми деректермен дәлелденген. Керісінше, әрбір донор болған адамның қан айналымы жақсарып, екі-үш аптада қанның орны толады. Қан науқас жандарға ота жасау кезінде және емдік күші бар дәрілік заттар жасау үшін қолданылады. Сондықтан, емдеу мекемелерін толық қанмен қамтамасыз етіп отырған жалғыз мекеме – біздің орталық. Донор болу – біздің қоғамда гуманизмнің бір көрінісі ретінде қала береді,-дейді Жәңгірхан Кенжетайұлы.

Қазіргі кездегі негізгі мәселенің бірі –  емдеу мекемелері үшін ақысыз қан тапсыру. Өйткені, мемлекеттік мекемелердің көпшілігі жекеменшікке көшіп кеткендіктен, донор болған өз қызметкерлеріне қан тапсырғаны үшін ақылы демалыс беруге мүдделі емес. Мекеме басшылары тарапынан қан дайындауға келгенде селқостық танытатындары бар. Өмір болған соң тосын жағдайлар да кездесіп отырады. Жедел ота жасалып, көп қан кеткен нау-қастың өмірі донорлар берген қанға байланысты екенін білсе  де, мән бермейтіндер бар.

Дегенмен, қан беру арқылы донор болуды түсініп, оның денсаулыққа пайдалы екенін ұққан кейбір адамдар өз еріктерімен әр жыл сайын бір рет қан тапсырып тұрады. Олардың арасында 40 рет донор болған 53 жасар Бауыржан Тілеуғалиев есімді азаматты айтуға болады. Одан кейін, 30 рет қан тапсырған Зинаида Саксонова, сонымен қатар, Жолдас Баженов, Олег Головко, Нұрлыбек Құмаров, Серік Бекен, Наталья Пастернак, Ирина Абносовалар да әр жыл сайын келіп қан тапсырып жүргендер.

Донор күні қарсаңында 40 рет қан тапсырғаны үшін Бауыржан Сейітұлы «ҚР Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне ұсынылды. Қан орталығы басшысының айтуынша, 30, 20 реттен қан тапсырған адамдардың да тізімдері республикалық арнайы комиссияға ұсынылып қойылған. Жақын күндері олар да ерекше құрметке бөленері анық. Сондай-ақ, атаулы күнге орай облыс-тық қан орталығы басшылығы әр емдеу мекемесіндегі қан қызметімен айналысатын мамандарға арнап республикалық трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығының мамандарын шақырып, қысқа мер-зімді оқу курстарын өткізуді жоспарлаған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button