Жарнама
Жаңалықтар

Зейнетақы мен жәрдемақы өсті

Биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы мен бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы көлемі 20 пайызға, әскери қызметшілердің жалақылары 25 пайызға өсті.

Әлеумет

Айта кетелік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуел-сіздіктің және Қарулы Күштердің 25 жылдығының құрметіне 1 шілдеден бастап Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Ұлттық гвардияның және Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілерінің лауазымдық жалақыларын 25 пайызға көтеру туралы шешімін мәлімдеген еді.

Сол секілді мамыр айында        ҚР Парламенті Мәжілісі зейнетақы мен жәрдемақыны арттыру бойынша заң жобасын мақұл-даған болатын. Жаңа заң жобасында зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілген. Президенттің биылғы Жолдауы барысында берілген тапсырмаларға сәйкес, 2017-2018 жылдары бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері үш кезеңде арттырылды. Бірінші кезеңде, яғни, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақылар мөлшері – 9, базалық зей-       нетақы 7 пайызға артты. Ал, екінші кезеңде, 2017 жылғы               1 шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері – 11, базалық зейнетақы мөлшері 13        пайызға көбейтілді. Нәтижесінде, 1 шілдеден бастап ең төменгі зейнетақы – 45 711 теңгені, орташа зейнетақы 66 676 теңгені құрады.

Айта кетелік, 2016 жылы ең төменгі зейнетақы көлемі 37 789 теңге болса, биылғы көрсеткіш сәйкесті мерзіммен салыстыр-ғанда 20%-ға көбірек. Бір атап өтерлігі, бұл өсім еліміздегі 2 миллионнан астам зейнеткерлердің бәрін қамтиды. Осы ретте еш-қандай қосымша құжаттардың қажеті жоқ екенін де естеріңізге сала кетейік.

Ал, зейнетақыны арттырудың үшінші кезеңі  2018 жылғы 1 шіл-деден бастап жүргізілетін болады. Ол базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруіне байланысты. Бүгінгі таңда базалық зейнетақы зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға бірдей мөлшерде тағайындалады. Жаңа әдістемеге сәйкес, ол зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады. Бұл ретте 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі және 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударылған зейнетақы жинақтарының мерзімі ескеріледі.

Үстіміздегі жылы зейнетақы мөлшерінің 20 пайызға дейін артуын ескере отырып, заң жобасында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін күнкөріс деңгейінен 50-ден 54 пайызға дейін ұлғайту ұсынылған. Осылайша, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері, азаматтардың еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне аударымдар кезеңі 10 жылдан аспаса, онда ең төмен күнкөріс деңгейінің 54 пайызын, 20 жыл болса – 74,       33 жылдан асқанда 100 пайызын құрайды. Нәтижесінде, еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне неғұрлым көп қатысқан азаматтардың зейнетақысы жоғары болады.

Сондай-ақ, заң жобасында балалы отбасыларды мемлекеттік қолдауға бағытталған нормаларға да өзгерістер енгі-зілген. Мәселен, бала тууына байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы мөлшері 20 пайызға артып отыр. Бірінші, екінші, үшінші балаға 31,41 айлық есептік көрсеткіштен 38 айлық есептік көрсеткішке дейін (71 270 теңгеден 86 222 теңгеге дейін), төртінші және одан көп балаға 52,35 айлық есептік көрсеткіштен 63 айлық есептік көрсеткішке дейін (118 783 теңгеден 142 947 теңгеге дейін) төленетін болады.

Өз тілшіміз.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button