Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Зейнеткерлерге 5 проценттік ипотека беру шарты жарияланды

Банк өкілінің айтуынша, зейнетақы табыс көзі болып саналмайтындықтан, зейнеткер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы табыс тауып жүргенін растауы тиіс

Жұмыс істейтін зейнеткерлер екі қосалқы қарыз алушыны көрсетсе, «5-10-20» бағдарламасымен баспана ала алады. Бұл туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының басшысы Жансұлтан Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


«Әкімдік кезегінде тұрған зейнеткерлер де «5-10-20″ бағдарламасына қатыса алады. Бірақ осы санаттағы адамдардың табысы болуы шарт, яғни олар жұмыс істеуі тиіс. Сондай-ақ, екі қосалқы қарыз алушыны көрсетуі керек. Сонда 5 проценттік ипотекамен баспана алуға мүмкіндік беріледі», – деді Матаев Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – әкімдік кезегінде тұрған адамдарды баспанамен қамту. Бірақ еңбек қызметі немесе кәсіпкерлік қызмет арқылы табыс табу міндеті бар. «Бұл – басты талап. Адам бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы табыс тауып жүргенін растауы тиіс. Зейнеткерлер осыны көрсете алмағандықтан, екі қосалқы қарыз алушыны тарту міндеті бар. Өйткені, зейнетақы табыс көзі болып саналмайды», – деп атап көрсетті Матаев.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button