Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Зейнетақы мен жәрдемақы қаншаға өседі?

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Әлемдегі болып жатырған пандемияға байланысты, Мемлекет басшысының 31-наурыздағы тапсырмасына сәйкес, зейнетақы мен барлық мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға өскен болатын.

Осы негізде ағымдағы жылдың 1-сәуірінде «2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осылайша 2020 жылдың 1-сәуірінен бастап жасына байланысты зейнетақы, базалық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақылар 5%-ға арттырылды. Нәтижесінде, барлық зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушыларға мамыр айында екі айға, яғни сәуір-мамыр айындағы айырмашылық қоса төленді. Ал, маусым айында алушыларға таза 5%-дық өсіммен төлемдері төленуде.

Осы айлардағы айырмашылықтарды жете түсінбеген зейнетақы, жәрдемақы алушылар «зейнетақыларымыз мен жәрдемақыларымыз неліктен азайып кетті?» деген сауалды жиі қоюда. Әлеуметтік қамсыздандыру орталығы – мамыр айында «екі айдың (сәуір-мамыр)», ал маусым айында тек «бір айдың» өсімін ғана алғандықтан, зейнетақы мен жәрдемақыларда айырмашылықтар туындап отырғанын ескертеді!

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button