Жарнама
Жаңалықтар

«Үздік эссе» байқауы

Атырау облысы әкімі аппаратының Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы қайта даярлау курсы тыңдаушылары арасында (округ әкімдері, бөлім басшылары, сектор меңгерушілері) «Үздік эссе» байқауын өткізді.

%d2%af%d0%b7%d0%b4%d1%96%d0%ba-%d1%8d%d1%81%d1%81%d0%b5-%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83%d1%8b

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің логикалық ойлау жүйесін дамыту, қызмет барысындағы кемшіліктерді көре білу және бағалау дағдысын қалыптастыру арқылы тақырып төңірегінде жеке көзқарасын анықтау, қызметін жетілдіру мақсатында ұсыныстар қалыптастыру, грамматикалық және стилистикалық сауаттылықтарын арттыру.

«Мемлекеттік әкімшілік басшы  лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау» курсының тыңдаушылары эссе жұмыстарын қорғады.

Жеті адамнан тұратын комиссия байқауға түскен жұмыстарды сараптап, жеңімпаздардың есімдерін өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифингте жариялады. Байқауға қатысқан 38 үміткердің ішінен бірінші орын Махамбет ауданы Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Бақытжан Орынғалиға берілсе, ал екінші орынға облыстық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы Әлия Бекешова мен  Еңбек, әлеуметтік қорғау  және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Гүлнұр Қалыбаеваның жұмыстары лайықты деп танылды. Үшінші жүлделі орын Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылдық округінің әкімі Сағындық Мұратов пен Мақат аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының бөлім басшысы Арайлым Оразымбетоваға және Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Әсел Әдиеваға  берілді.

Жеңімпаздарды аталған орталық директоры Сәуле Құбашева құттықтап, арнайы дипломдар табыстады. Сондай-ақ, курс тыңдаушыларына куәліктер берілді.

Мәлике Мәлік.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button