Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қызылша ауруына қатысты кеңес беретін орталықтар нөмірі жарияланды

— ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызылша ауруы туралы кеңес беретін call-орталықтар нөмірін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20190126142139

Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің хабарлауынша, call-орталықтарда дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істейді, олар халықтың сұрақтарына жауап беріп, қызылшаның алдын алу жөнінде кеңес береді. ҚР өңірлеріндегі call-орталықтар тізімі Комитет қызылша ауруының 67% екпе салынбаған балалар арасында тіркелгенін атап өтті. Сондай-ақ, ауру ошақтары мен жоспарлы екпе үшін вакциналар жеткілікті. Қажет болған жағдайда вакцинаның қосымша көлемі сатып алынады. ҚР ДСМ Қазақстанда қызылшамен сырқаттану жағдайының жиілеуіне байланысты, балаларға мұқият болуды өтінді. Қызылша — дене қызуының 38-40° С-қа дейін көтерілуімен, жалпы уланумен, шырышты көз, мұрын, жұтқыншақ, жоғарғы тыныс алу жолдарындағы қабыну құбылыстарымен, кейіннен бөртпенің пайда болуымен сипатталатын инфекциялық ауру. Науқастың бойында әлсіздік пайда болып, бас ауырып, тәбеті төмендейді, ұйқысы бұзылады. Денеге қызғылт немесе қызыл дақ түрінде бөртпелер шығады. Инфекция көзі — науқас адам. Вирус ауа-тамшы жолы арқылы, түшкіргенде, сөйлегенде таралады. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін. Науқас болған үй-жайдың ауасымен тыныс алғанда қызылша жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаса және осы инфекцияға қарсы егілмеген болса, онда науқаспен байланыста болған 100% жағдайда жұғу орын алады. Қызылшамен сырқаттанған кезде күрделі асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы (пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит), кей жағдайда энцефалит (мидың қабынуы) тәрізді өте күрделі жағдайлар жатады. Қызылшамен ауырып сауыққаннан кейін ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) иммунитеттің төмендеуі байқалады, сондықтан бала қандай да бір суық тию немесе вирустық аурумен ауыруы мүмкін, сол себепті оны шамадан тыс жүктемеден, мүмкіндігінше науқас балалармен қарым-қатынастан қорғау қажет.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button