БілімЖаңалықтар
Ынтымақ ауылындағы мектеп қайта пайдалануға берілді
Сонау 1936 жылы Ынтымақ ауылында қазақ-орыс Гребенщик бастауыш мектебі ашылған еді. Араға жылдар салып, оқу ғимараты әбден ескірді. Апаттық жағдайда деп танылған ол бүгінде биылғы оқу жылын су жаңа ғимаратта қарсы алмақ.
Заман талабына сай мектеп салу ісіне «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылай қолдау білдірген. Ал, құрылыс жұмыстарымен «Жалынды құрылыс» мекемесі айналысыпты. Осылайша, сексен жылдан астам тарихы бар білім ұясы қайта түледі.
Барлығы 120 орынға есептелген жаңа нысанның лентасын облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пен «ТШО» компаниясының мемлекеттік органдармен және бұқарамен байланыс жөніндегі директоры Мария Қаражігітова кесті.
Аман ШАМАР.
Индер ауданы.