Жарнама
Жаңалықтар

Волгоград гидроэлектр бекетінен мол су жіберілуде

Бүгін Қиғаш өзенінің деңгейі Шортанбай гидробекетінде 3 метрден асты. Мұнда су деңгейі бір тәулікте 14 сантиметрге көбейді. Котяевка ауылында – 9 см, Ганюшкинода 6 сантиметрге жоғарылаған. Ал Волгоград гидроэлектр бекетінен бүгін секундына 25 550 текше метр су жіберілуде.
Жайық өзені БҚО-ның Январцево ауылының тұсында бір тәулікте 7 сантиметрге төмендеді. Ал Орал қаласында 1 см-ге азайса, Көшімде — 2 см, Тайпақта 9 сантиметрге артқан. «Қазгидромет» РМК облыстық филилалы мамандарының мәліметіне сүйенсек, БҚО-нан келетін су есебінен Жайық өзені Индербор кентінің тұсында бір тәулікте 10 сантиметрге көтерілді. Махамбетте – 5 см, ал Атырау қаласының гидропостында 4 сантиметрге өскен. Бүгін Иректі су қоймасынан секундына 192 текше метр су жіберілуде.
Айта кетейік, Жем өзенінің деңгейі тағы 2 сантиметрге түскен.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button