Жарнама
Жаңалықтар

Венесуэла әлем елдерін бейбітшілікке үндеді

Бүгін Венесуэла Боливар Республикасы тарапының ресми шақыруы бойынша Қазақстан Республикасы делегациясы Каракас қаласында соғысқа қарсы және бейбітшілікті қолдауға арналған халықтық саммитіне қатысты, деп хабарлайды облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газеті.

img 2112

Бұл саммит көпжақтылық қағидаттарын нығайтуға, халықаралық құқықты қорғауға және жаһандық тұрақсыздық жағдайында бейбітшілік мәдениетін ілгерілетуге бағытталған.

img 2054

Қазақстандық делегация құрамында «Астана» дипломатиялық клубының президенті Қайырболат Сахметов, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Александр Тараков, тарих ғылымдарының кандидаты, «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Таисия Мармонтова,«ҚазАқпарат» Халықаралық агенттінің аналитикалық шолушысы Берік Табынбаев, облыстық «Атырау» қоғамдық-саяси газетінің шолушысы Алмас Қабдол бар. Сапар барысында өзге де ішкі әрі халықаралық іс-шараларға қатысу жоспарланған. Бейсенбі күні Венесуэла астанасы Каракаста Антонио Хосе де Сукре атындағы «Каса Амарилья» сарайында бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғауға арналған «Гуманды адамзат үшін, Ғаламның тепе-теңдігі» халықаралық форум мәресіне жетті. Екі күнге созылған шарада бейбітшілік пен адам құқықтарын қорғау тақырыбына арналған пікірталастар мен ойлар айтылды. 

img 2001

117 халықаралық делегация және 40 елдің өкілдері бас қосқан форумның жабылу салтанаты Ұлт Азаткері Симон Боливардың туғанына 242 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Осыған байланысты Боливар алаңында Антиимпериалистік мінбер өтті.

Симон Боливар атындағы халықтар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастық институтының (ISB) президенті Бланка Экхаут барлық делегацияларға алғыс айтып, бұл бастама 2026 жылдың маусым айында өтетін «Панамалық Амфиктион конгресіне» дайындықтың бір бөлігі екенін жеткізді.

Ал Коммундар ұлттық университетінің (Unacom) ректоры Хорхе Арреаса форум халықтардың ынтымақтастығы мен демократиясын тереңдеткенін атап өтті.

img 1931

Айта кету керек, қазақстандық делегация 27 шілдеде Венесуэлада өтетін жергілікті сайлауларды бақылау жөніндегі Халықаралық миссия барысында мэрлер мен жергілікті кеңес мүшелерінің сайлауына қатысады.

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

суреттер автордікі

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button