Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

«Вакциналарды сатып алуды ревакцинация қарқынына қарай жоспарлайтын боламыз»

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде коронавирустық инфекциямен күрес аясында халықты вакцинациялау науқаны белсенді жүргізілуде.

Қазіргі уақытта 10 млн-нан астам адам бірінші компонентпен, 9,4 млн адам екінші компонентпен егілді. Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаевтың мәліметінше, 2021 жылы ведомство Спутник V вакцинасының 12,8 млн дозасын; QazVac – 2,4 млн дозасын; Хаят Синофарм – 1 млн дозасын; Синофарм – 4 млн дозасын; Синовак – 500 мың дозасын; Пфайзер – 4 млн дозасын сатып алған.

«2021 жылы Денсаулық сақтау министрлігі жалпы коронавирустық инфекцияға қарсы 24,8 млн доза вакцинамен қамтамасыз етті, оның ішінде 4 вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген. Биыл халықты ревакцинациялау үшін QazVac вакциналары — 500 мың доза; Спутник Лайт – 150 мың доза жеткізілді, бұл ретте Қарағанды фармацевтикалық кешенімен аталған вакциналар өтеусіз негізде берілді; Синофарм – 2 млн доза. Алдағы уақытта отандық QazVac вакцинасын ай сайын 500 мың дозадан жеткізу жоспарланып отыр. Вакциналарды сатып алуды, ревакцинация қарқынына қарай жоспарлайтын боламыз», — деп атап өтті спикер.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button