Жаңалықтар

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында атыраулық театр өнер көрсетуде

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында Атырау облысының Махамбет атындағы қазақ драма театрының өнер ұжымы Астанаға арнайы келді.

Елорда төрінде жасақталған этноауылда атыраулық театр ұжымы қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін көріністерді сахналауда.

«Еліміздің батыс өлкесінде сақталған көрісу, өскелең ұрпаққа бата беру сынды дәстүрлеріміз көпшілікке насихатталуда. Этноауылға келушілер арасында астаналықтар, еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар және шетелдік туристер бар» дейді Атырау облысының Махамбет атындағы қазақ драма театрының директоры Сағынтай Көпжасаров.

Еске сала кетсек, бұған дейін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында жасақталған этноауылға Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 200-ден астам экспонаттар, қолөнершілер көптеген бұйымдарын әкелгенін хабарлаған болатынбыз.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында 11 қыркүйек күні этноауылда Атырау облысының өнерпаздары мерекелік концерт қояды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button