Жаңалықтар

Үздік қарауыл бастығы анықталды

«Атырау облысы ТЖД Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» РММ мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері арасында «Үздік қарауыл бастығы-2024» сайысы өтті.


Аталған сайысқа өрт сөндіру бөлімдерінен 13 қарауыл бастығы қатысты. Сайыстың басты мақсаты — әр қызметкердің кәсіби және жауынгерлік дайындықтарын арттыру. Қатысушылар оқу мұнараның 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу, 4-қабат терезесінен өзін-өзі құтқару, дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер орындау (керме мен арқалыққа тартылу) бойынша сынаққа түсті.

Ұйымдастырылған сайыс кезеңдері өз күрделігімен ерекшеленеді. Әр қарауыл бастығы бірінші өрт сөндіру жетекшісі болғандықтан кез-келген өрт оқиғасы немесе қандайда бір төтенше жағдай кезінде сақадай сай болуы тиіс.

Кіл мықтыдан кім мықты болғаны сайыс нәтижесінде белгілі болды. Атап айтқанда:

Атырау қаласы №4 ӨСБ қарауыл бастығы, аға лейтенант Б.Уахасов III орын, Жылыой ауданы, Жаңа-Қаратон кенті №9 ӨСБ қарауыл бастығы, капитан Н.Орысбаев II орынға ие болды. Ал, “Үздік қарауыл бастығы-2024” атағына Атырау қаласы №13 МӨСБ қарауыл бастығы (аға инженер), капитан Ж.Зағыпаров лайықты деп танылды.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button