Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«ҮЗДІК ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ»

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен «Үздік Әдеп жөніндегі уәкілді» анықтау жөніндегі республикалық конкурстың қорытындысы белгілі болды.

«Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауына 11 орталық мемлекеттік органдар мен 16 жергілікті атқарушы органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдері қатысып, байқау қорытындысына сәйкес 167 баллмен Атырау облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл – Ахметова Фарида Төлегенқызы 2 — ші орынды иеленді.
Аталған байқаудың Агенттік Төрағасының орынбасары Д.Жазықбаев төрағалық еткен 5 мүшеден құралған комиссиясымен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының қалпына келтірілуіне, үстеме жұмысты болдырмау, тәртіптік практиканы жақсарту үшін қабылданған шараларға, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп іске асырылатын жобаларға және БАҚ-пен жүргізілген өзара іс-қимылға назар аудара отырып, Әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі бағаланды.
Ахметова Фарида Төлегенқызын «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» байқауының өңірлік конкурстық комиссияның нәтижесімен жеңімпаз атанып, Республикалық деңгейде қызметін жоғарғы дәрежеде көрсетіп, алдыңғы орындардан көрінуімен құттықтаймыз!
Әдеп жөніндегі уәкіл ретінде мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаралар атқарылып, ҚР мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақталуына, сондай-ақ қызметшілердің әдептілік деңгейіне ықпал етуде деп санай отырып, қызметіне табыс, отбасына амандық тілейміз!

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button