Жаңалықтар

UTEBAYEV UNIVERSITY-ДЕ АРДАГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов бастаған бір топ ардагер бас қосты. Келелі жиынға қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Қосыбаев, университеттің ардагер оқытушылары мен қызметкерлері қатысты. Жиынның басты мақсаты – ардагерлердің университет өміріндегі рөлін атап өту, олардың тәжірибесін жас мамандар мен студенттерге жеткізу, сондай-ақ университет ардагерлер кеңесінің бір жылдық есеп беруі болды.

Жиын барысында қатысушылар университеттің дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге алғыс білдіріп, олардың білім беру процесіндегі ұзақ жылдар бойғы еңбектері атап өтілді. Сонымен қатар, ардагерлер өзара пікір алмасып, университеттің болашақтағы жоспарлары мен мақсаттары туралы ойларымен бөлісті.

Ардагерлер кеңесінің осындай жиындары ұрпақтар сабақтастығын сақтауға, сондай-ақ университет ұжымында бірлікті нығайтуға септігін тигізеді.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button