
Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз қару құрастырып келген қылмыскерлерді ұстады
Atr.kz/24 ақпан, 2020 жыл. Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын жеткізудің заңсыз халықаралық арнасының жолын кесті.
«Заңсыз айналымнан үш «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 тапанша, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды», — деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқықбұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды тұлға министрлікте тіркелген оқ-дәріні ұрлаған.
Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын цех жұмысы тоқтатылды.
2020 жылдың 27 қаңтарында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.