Umai-2023 сыйлығына өтінім қабылдау екі аптадан соң аяқталады
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тағайындаған Қазақстан Республикасының өнер саласындағы Umai-2023 ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті байқауға қатысуға өтінімдер 5 желтоқсанға дейін қабылданады, деп хабарлайды atr.kz
Биыл Umai сыйлығының саны артты, ал «Театр өнері», «Хореографиялық өнер», «Музыкалық-орындаушылық өнер», «Бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бұрынғыша қалды.
— Umai-2023 шығармашылық мамандық өкілдерінің асқан қызығушылығын оятатындығына және тәуелсіз сараптау комиссиясының мүшелері өз қарауына отандық өнердің дамуына тың серпін беретін қызықты да сан алуан жұмыстарды алатынына сенімдіміз. Еліміздің өңірлерінен қатысушылар саны артады деп күтудеміз, өйткені байқаудың жоғары ұлттық дәрежесі жастарға шығармашылық шыңдарды бағындыруға серпін бере алады, — деп атап өтті Umai ұлттық сыйлығының ұйымдастыру комитеті.
Ұйымдастыру комитеті өтінімдерді белсендірек тапсыруға шақырды. Қосымша толығырақ ақпаратты алу үшін «Астана Операның» ресми сайтына кіріп, «Umai-2023 сыйлығы» бөлімінде қатысуға қажетті құжаттар тізімін оқып шығу керек.
Umai ұлттық сыйлығы әуел бастан еліміздегі өнер адамдарын біріктіру үшін тағайындалған болатын.
– Біз қазақстандық мәдениеттің дамуына үлесін қосып жүрген барлық жандарды өз шығармашылығын ұсынып, әріптестерінің жетістіктерімен танысудың және шығармашылық байланыстарды нығайтудың бірегей мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз. Ұлттық өнерді қолдау әрі дамыту мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі осы жылы сыйлықтар санын едәуір ұлғайтқанын, сәйкесінше ақшалай жүлделердің де артқанын еске саламыз. Сонымен, биыл сыйлықтың жүлде қоры 79 миллион теңгені құрады, — деп қорытындылады ұйымдастыру комитеті.
Umai ұлттық сыйлығы – еліміздің өнер саласындағы ең мәртебелі әрі беделді сыйлықтардың бірі. Жыл сайын ол жаңа біртуар қайраткерлердің есімдерін анықтап, отандық мәдениеттің дамуына және ілгерілеуіне ықпал етеді.