Жарнама
Жаңалықтар

Ұлы Жібек жолының жаңғыруы: “Сиань – Алматы” туристік пойызы жолға шықты

Орталық Азия мен Қытай арасындағы мәдени байланыстар жаңа серпін алды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел халықтары арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл бағыттағы басымдықтардың қатарында мәдени орталықтардың ашылуы, креативті индустрия мен туризмнің өркендеуі ерекше орын алады.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Президент Сиань қаласынан Алматыға қатынайтын алғашқы туристік пойыздың іске қосылуын жоғары бағалады. Бұл бастама «Қазақстандағы Қытай туризмі жылы» аясында жүзеге асып отыр.

– Бұл оқиға ғасырлар бойы Еуразия кеңістігінде тауарлар мен идеялардың еркін алмасуына жол ашқан Ұлы Жібек жолының рухын жаңғыртады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алғашқы туристік пойыз – қос ел арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетуге ықпал етеді. Ол тек саяхат емес, сонымен бірге халықтар арасындағы достықты нығайтатын символдық жобалардың бірі саналады.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: rail-news.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button