Жарнама
Жаңалықтар

Ұлттық тәрбие коды – балабақшадан басталады

Атырау қаласындағы №8 «Ақбота» санаторлық бөбекжай-бақшасында бүлдіршіндерді ұлттық құндылықтарға баулу ерекше назарда. Балабақшада балаларға қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін үйрету үшін заманауи әдістер кеңінен қолданылып жатыр.

35 жылдық тәжірибесі бар педагог-модератор Гүлбану Оразалина бүлдіршіндерге ұлттық құндылықтар туралы терең мағлұмат беруде. Ол ұлттық тәрбие жүйесін тиімді ету мақсатында QR код технологиясын қолданады. Бұл тәсіл арқылы балаларға ойын түрінде, қызықты әрі қолжетімді форматта білім беріледі.

Гүлбану Насырқызының айтуынша, балаларға ұлттық құндылықтарды сіңіру олардың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, рухани дамуына септігін тигізеді. «Біз балаларға ұлттық мұраның маңыздылығын ерте жастан түсіндіруіміз керек. Заманауи әдістер бұл процесті жеңіл әрі қызықты етеді», — дейді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button