Ұлттық бюро ашық кеңістік аясында жұмыс істейтін кеңсе құрды
Аtr.kz/19 сәуір, 2019 жыл. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында жобалау кеңсесі құрылды.
Бұл туралы Аtr.kz-ге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз-қызметі хабарлады.
«Кеңсе «open space» ашық кеңістік қағидаты бойынша жасалған. Барлық көршілес кабинеттер әйнектермен бөлініп, біркелкі стильдегі кабинеттерге өзгертілген. Жұмыстың жаңа форматы командалық рухты нығайтуға ықпал етеді» дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының штаб басшысы Хаким Көшқалиев.
Жобалау кеңсесі идеядан «іске асыруға дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Қызықты ойлар мен ұсыныстар Brainstorm форматында жасалады.
Еске сала кетелік, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің үш жыл мерзімге арналған дамуының Жол картасы бекітілді. Бұл жоба кадр саясатын жетілдіру, ішкі процестерді орталықтандыру және цифрландыру, органның ашықтығы, халықаралық ынтымақтастықты күшейту, сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздікті нығайту бағытында жұмыс істейді.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА