Жарнама
Жаңалықтар

Үкімет негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыруға уәде берді

Қазақстан Үкіметі картоп, тұз және жұмыртқа бағасын тұрақты ұстап тұру үшін нақты шекті бағаларды бекітті. Республика Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қараша айында картоптың 1 келісі 145 теңгеден аспауы керек, ал 2026 жылдың көктемінде ең жоғарғы баға 185 теңге болмақ. Бұған дейін 2025 жылы елде картоп импортының күрт өсуі бағаның қымбаттауына себеп болған еді. Осыған байланысты Үкімет ішкі нарықты қорғау мақсатында өндірушілермен тікелей келіссөздер жүргізіп, меморандумдарға қол қойды.

Сонымен қатар, «Арал тұз» АҚ өндірген тұз 18%-ға арзандап, 1 келісі 100 теңгеден 82 теңгеге дейін төмендемек. Жұмыртқаның шекті бағасы 55 теңгеден аспауы тиіс. Бұл шаралар ел ішіндегі инфляцияны тежеуге және әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button