Жарнама
ЖаңалықтарСаясатҚоғам

«Үкілі домбыра» Үздік мемлекеттік қызметшілерді анықтады

Жуырда Атырауда мемлекеттік қызметшілер арасында «Үкілі домбыра» облыстық байқауы тті. Ол мемлекеттік қызметшілер арасындағы таланттарды анықтау, оларға ұлттық нер арқылы патриоттық тәлім-тәрбие беру, музыкалық дәстүрлерді сақтау және мәдени мұраны арттыру мақсатында ұйымдастырылған болатын.

«Ақерке», «Балқадиша»,  Əуелде, əуел, əуел-ай» сынды халықтық əн-термелерді əуелете шырқаған мемлекеттік қызметшілер дəстүрлі əншілерден кем түспейтіндей өнер көрсетті. Əртүрлі мақаммен жырдан шашу шашқан байқауға қатысушылар көрермендерге əсем əн, керемет əсер сыйлады. Байқаудың қорытындысында бас жүлдені Жылыой ауданынан келген Дархан Садуов иеленді. 1 орынды махамбеттік Сайлау Жұмағалиев, 2 орынды құрманғазылық Куляра Қ ұ мар ғ а л и ева, 3 о р ы н ды исатайлық Ерлан Мақсотов жеңіп алды. Іс-шара соңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Шолпан Қайненова мен облыстық ғылыми-əдістемелік халық шығармашылығы мен мəдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының басшысы Жəнібек Аманиязов сөз сөйлеп, жеңімпаздарға Алғыс хаттар табыстады.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button