Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

Әуесқой балықшылар Жайық жағалауынан 15 тонна қоқыс жинады

Әуесқой балықшылар Жайық жағалауынан 15 тонна қоқыс жинады. 20 еріктіден құралған топ 700 метр қашықтық болатын теміржол көпірінен айналма жол көпіріне дейінгі жағалау маңын тазартты, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-08-13 at 11.26.48 (3)

«Balyqshy Atyrau 1» әуесқой балықшылар клубы ұйымдастырған акцияның мақсаты —  халықтың экологиялық тәртібін сақтауға және судың ластанбауына, сондай-ақ, демалыс маусымы кезінде жағалау аймағын жақсартуға бағытталған.

Клубтың қатысушылары жиналған қоқыстың көпшілігі пластикалық және шыны бөтелкелерден, полиэтиленді пакет және 90-шы жылдардан қалып кеткен қоқыстан тұратынын айтады. Сонымен қатар, «Спецавтобаза» ЖШС-нің көмегімен екі жүк көлігі және жүк тиегіш машинасымен барлық жиналған қоқыстарды арнайы қоқыс полигонына апарды.

— Бұл ерікті бастама. Көптеген адамдар өздерінің айналасын таза ұстауға дайын. Біздің мақсатымыз — өзіміздің табиғатымызды сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсету. Келесі демалыс күндері біз «Жилгородок» ықшам ауданынан «Балықшы» ықшам ауданына дейінгі жағалау маңын тазалайтын боламыз. Біз барша қатысамын дейтін жандарды қабылдауға дайынбыз. Уақыт өте жағалау маңын қоқыстардан толық тазалайтынымызға сенімдімін, — дейді «Balyqshy Atyrau 1» әуесқой балықшылар клубының ұйымдастырушысы Алтынбек Пшенбаев.

Айта кетейік, «Balyqshy Atyrau 1» әуесқой балықшылар клубында бүгінгі күні шамамен 170 адам бар. Бұған дейін, клуб мүшелері Теңдік және Жұмыскер ауылдарында тазалау жұмыстарын жүргізген болатын. Келесі акцияға қатысқысы келетін кез-келген тұрғын 8 701 301 48 74 телефоны арқылы хабарласа алады.

Хорлан Смадияр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button