Жаңалықтар
Тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Ұлы Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында Мақат ауданы әкімінің орынбасарлары, аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы, округ пен кент әкімдері және дербес бөлім басшылары бірлесіп, тыл ардагерлерін айтулы мерекемен құттықтады. Бұл туралы Мақат ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Басшылар ардақты ардагерлерге аудан әкімінің ізгі тілегін жеткізіп, сыйлығын табыстады.
Айта кету керек, мерекеге байланысты аудандағы 32 Ауған және Чернобыль ардагеріне бюджеттен біржолғы әлеуметтік қолдау көрсетілді.
Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ