Жаңалықтар
Тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарына 80 автобус дайындалды
Жылыой ауданында қарғын судың тасуынан төтенше жағдай жарияланып, тұрғындар қауіпсіз орынға көшіріліп жатыр. Оларды белгіленген орыннан арнайы пунктке тасымалдау үшін жергілікті әкімдіктен — 60, ТШО компаниясының мердігер мекемелерінен 20 автобус жұмылдырылды. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
Қазір 2400-ден астам тұрғын эвакуациялық пунтке жеткізілді. Бұдан бөлек азаматтар вахталық кешенге де орналастырылады. Олар ыстық тағам мен сусын түрлерімен қамтылды. Жағдай облыс әкімінің жіті бақылауында.