Тұрғындар зілзала қаупі туралы дер кезінде біле алады
Atr.kz/23 мамыр, 2019 жыл. Алматыда жер сілкінісі туралы хабарлайтын мобильді қосымша іске қосылды.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлады. Бұған дейін төтенше жағдай туралы ескерту тұрғындарға кешеуілдеп келетін. Ал жаңа қосымша бұл олқылықтың орнын толтырмақ.
Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:
— Қазіргі таңда мобильдік қосымша «Дәрмен» іске қосылды. Оны көшіріп алу ақысыз. Android пен iOS платформасы бар ұялы телефондар көшіре алады. Қазір Алматы қаласында 3 датчик бар. Оны 34 датчикке дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл мобильді қосымша төтенше жағдай жайында ғана ақпарат бермейді. Сондай-ақ, қоғамдық көлік пен пойыздардың жүруі, ұшақтардың ұшу уақыттары да көрсетілген. Мобильді қосымшаны іске қоспас бұрын құрастырушылар жарты жыл уақыт бойы тексерістен өткізіпті.
Нұрбек Жетпісов, мобильді қосымшаны құрастырушы:
— 21 мамыр күні жаттығу өткізілді. Датчиктерден бүкіл адамдарға магнитудасы 4 балдан жоғары болғанда бірден ақпарат жіберіліп отырады.