Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Nur Otan» партиясы облыстық филиалына жүгінген өңір тұрғындарын филиал төрағасы ретінде, жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келушілер негізінен тұрғын үймен қамту, жұмысқа орналастыру, жол құрылысы, қоғамдық ұйымға орынжай бөлу секілді мәселелерді қозғады. Тұрғындардың бірі, мүгедектер қоғамдық қорының төрағасы кеңсесін Тұрғындар өтініші аяқсыз қалмайды ғимаратпен қамтамасыз етуді, салынып жатқан жер үйінің құрылысын толық аяқтауға көмек беруді сұрады. Ал өзге қала тұрғыны Талғайраң ықшамауданы тұрғындарының атынан мемлекеттiк бағдарлама арқылы салынған үйлердiң аулаішілік тас жолының салынуына, интернет желісін жүргізуге ықпал етуді өтінді. Көтерілген мәселелер бойынша тиісінше жауап берілді. Яғни, мүгедектер қоғамына Геолог шағынауданынан кеңсе қарастыруға мүмкіндік бар екендігін, ал талғайраңдықтар үшін инфрақұрылым жыл соңына дейін шешілетіндігі айтылды. Облыс әкімі аз қамтылған отбасы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен бизнес өкілдерін де қабылдады. Соңында Махамбет Досмұхамбетов тиісті сала басшыларына азаматтардан түскен сауалдарды мүмкіндігінше шұғыл, әрі заң шеңберінде шешіп отыруды және қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Жолдас ҚАЙДАРОВ