Жаңалықтар
Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.
Айта кетейік, бұған дейін 13 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданған болатын.