Жарнама
Жаңалықтар

Туберкулезден жылына екі миллион адам көз жұмады

Atr.kz/24 желтоқсан, 2019 жыл. Туберкулез – әлемде кеңінен таралған жұқпалы аурулардың бірі.

Жыл сайын дүние жүзінде бұл дерттен екі миллион адам көз жұмады. Ал, Атырау облысы елімізде халықтың туберкулезбен аурушаңдығы бойынша қолайсыз аймақтардың қатарына жатады.

Қауіпті ауруды жұқтырушы ең осал топ – балалар. Әсіресе,  вакцинацияланбаған, иммунитеті әлсіз балалар оны жұқтыруға бейім келеді. Елімізде туберкулездің алдын алу мақсатында БЦЖ екпесі жүргізіледі. Дені сау жаңа туған балаларға, медициналық қарсы көрсетілімдері болмаған кезде, туғаннан кейінгі алғашқы 2-4 тәулікте босандыру мекемелерінің егу кабинетінде БЦЖ вакцинациялау жүргізіледі. Аталмыш екпе егілген бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитетті қалыптастырады. Туғаннан кейін егілген балаларда иммунитет жеті жыл бойы сақталып, содан кейін қалыптасқан иммунитетті қолдау мақсатында ревакцинациялау (қайталау түрдегі вакцинациялау) талап етіледі. БЦЖ ревакцинациялауды алдыңғы Манту сынамалары теріс нәтижелі 6 жастағы дені сау балаларға жүргізеді. Бұл әдіс бүгінде оларды дерттен және оның  асқынуларынан  қорғайтын  жалғыз әдіс болып табылады.

Аймақта соңғы жылдары балаларды туберкулезге қарсы екпеден бас тартқан ата-аналар саны өсуде. Теріс діни көзқарастар және әлеуметтік желілерде вакциналар туралы дұрыс емес мәліметтер екпеден бас тартудың негізгі себептері болды. Соған қарамастан, аймақта егілгендер  жаңа туған нәрестелердің жалпы санының 95%-ын құрап отыр.

            Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, балаларды туберкулезге қарсы екпемен қамту 95%-дан төмен болған кезде, осы аурудан індеттің пайда болуына қауіптілік туғызады. Айта кету керек, ата-аналар  баласына бұл екпені жүргізуден бас тартпас бұрын дәрігерден оның пайдасы туралы толық мағлұматтар алуы қажет. Өйткені, баланың денсаулығына ата-анасы тікелей жауапты.

Зульфия ҚАЙРЕДЕНОВА,

облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы

мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің

бас маманы                                                       

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button