Жарнама
ЖаңалықтарМедицинаСаясатҚоғам

Цифрлы технология – болашаққа батыл қадам

Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы — цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, тұрғындардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.

Depositphotos_13307608_original

Елбасымыз өзінің 2017 жылғы  Жолдауында,  озық отыз елдің қатарына ену жолында цифрлық экожүйені дамыту арқылы Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін, Үкіметке «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы 2017 жылдың желтоқсан айында бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – орта мерзімді перспективада цифрлық технологияларды пайдалану арқылы республика экономикасының даму қарқынын жеделдету және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму жолына көшіру үшін жағдай жасау.

ҚР Денсаулық сақтау  министрі Елжан Біртанов осы бағыттағы  жүргізіліп жатқан жұмыстарды  айта келіп,  «Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру шеңберінде барлық жоспарланған жобаларды толық іске асыру үшін оларды ІТ-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет. Қазіргі уақытта 6283 денсаулық сақтау мекемесінің 3,050 немесе 51 пайызы интернетке қосылған. 97784 жұмыс орны дәрігер мен медбикелердің (соның ішінде ауысымдық жұмыс) 82,149 немесе 84,9 пайызы компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. 757 денсаулық сақтау ұйымының 619 немесе 85,4 пайызы медициналық ақпараттық жүйелермен қамтылған. Қазіргі уақытта ұйымдардың 100% интернетке қол жеткізіп отыр» деп атап өтті.

Атырау облысы әкімінің орынбасарымен бекітілген 2018 жылға арналған «Атырау облысында Денсаулық сақтау саласында цифрландыру бойынша Жол картасын» жүзеге асыру мақсатында, Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығында (бұдан әрі — АОПДО) іс-шаралар жоспары жасақталған болатын.  Жоспар шеңберінде қағазсыз жұмыс жасауға көшірілу, электрондық жүйеге көшу ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу кестелері жасақталды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 03 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңының негізінде «Келісім-шарт жасақтау әдісімен бір көзден алу» жолымен «Жарқын болашақ КZ» ЖШС-мен 25.05.2018 ж. №96 келісім-шартпен АОПДО-да «КазМедИнформ» медициналық ақпараттық жүйесі орнатылды. Мекемеде жоспарлар мен кестелерге сай белгіленген мерзімдер шеңберінде медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшірілу жұмыстары жүргізіліп отыр. «КазМедИнформ» базасына диспансерлік наркологиялық және психиатриялық есепке тіркелген науқастардың барлығы енгізілді. Сонымен қатар «КазМедИнформ» Медициналық Ақпараттық жүйесіне амбулаториялық науқастарды, стационарлық науқастардың медициналық карталарын, зерттеухана диагностикасы, дәрігерлік комиссиясының қорытындылары, стационарға жолдамалар тіркелуде.

Атырау облыстық Психикалық денсаулық орталығында дәрігерлер мен медбикелердің жұмыс орындары 100% компьютерлік жабдықпен қамтамасыз етілген. Дәрігер мен медбикелердің көпшілігі компьютерлік сауаттылығының деңгейін көтеруде. 2018 жылдың қаңтарынан бастап біздің орталық біртіндеп қағазсыз медициналық құжаттарды енгізіп келеді. «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 7 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-36 бұйрығына сай, алдағы уақытта мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру:

1)«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрі Мемлекеттік корпорация);

2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы тегін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы азаматтарының заман көшінен қалмай, өмірді бірнеше сатыға көтеруді көздейтін «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы халыққа сапалы медициналық қызмет көрсетуде өз орнында нәтижелі жұмыс жасау әрбір қызметкердің міндеті екендігін біз жақсы түсінеміз.

Ж.Мухлисов,

Атырау облыстық психикалық денсаулық орталығының директорының орынбасары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button