Жарнама
Жаңалықтар

Трансформаторлар жаңартылды

«Атырау Жарық» АҚ мекемесі Жылыой ауданының Қара Арна ауылдық округіне қарасты Шоқпартоғай ауылы мен Майкөмген ауылдық округтеріндегі электр трансформаторларын жаңартты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

– Ескі трансформаторлар 1980–90 жылдары пайдалануға берілген, ескі болатын. Олар күннің қолайсыз уақыттарында электр қуатына күші жетпей, жарық жиі өшіп қалатын еді. Осыған байланысты Шоқпартоғай ауылының тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған КТП-10/0,4кВ (160кВА) №8/5 қосалқы трансформаторлық стансасы заманауи жабық қосалқы трансформаторлық станциясына-10/0,4кВ (КТПНГ) 250кВа трансформаторына ауыстырылды. Ал Майкөмген ауылдық округіндегі КТП-10/0,4кВ (63кВА) №6/1, КТП-10/0,4кВ (100кВА) №6/2 қосалқы трансформаторлық стансалары заманауи жабық қосалқы трансформаторлық стансасы-10/0,4кВ (КТПНГ) 100кВа, жабық қосалқы трансформаторлық стансасы-10/0,4кВ (КТПНГ) 160кВа трансформаторларына ауыстырылды, – деді Жылыой аудандық «Атырау Жарық» АҚ-ның басшысы Марат Меңдияров.

Айта кетейік, Қара Арна ауылдық округінде 3125 тұрғын болса, Майкөмген ауылдық округінде 1 165 адам тұрады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button