Жарнама
Жаңалықтар

Трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан 44 жастағы атыраулық ұсталды

29 қараша күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы Алтайская көшесінде 1977 жылы туылған азаматшаның қала аумағында заңсыз 100 дана трамадол және 63 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.


Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің» Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button