Атырауда есірткі сипатындағы дәріні сатқан әйел ұсталды
«36 жастағы атыраулық әйелдің дәрігер рецептісімен ғана тағайындалуы тиіс трамадол дәрісін ашық сатқаны анықталды» деп хабарлайды Atr.kz
12 мамыр күні Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы Балықшы поселкесінде 1985 жылы туылған азаматшаның қала аумағында заңсыз 60 дана трамадол және 19 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабымен «Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу» фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің» Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.