Жаңалықтар
Төрт бала анасымен бірге құтқарылды
Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні Құлсары қаласының тұрғындарын эвакуациялау барысында “Жаңа құрылыс” учаскесіндегі бір үйдің терезесінен айқайлап көмек сұраған дауыс шығады.
Облыстық жедел штабтың хабарлауынша, үйге кіріп жағдайды нақтылаған Жылыой ауданы полиция бөлімі тергеу бөлімнің бастығы, полиция майоры Нұрлан Жангелов, Жылыой АПБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары — полиция майоры Сержан Шаукеров пен полиция лейтенанты Бауыржан Тасекенов қайықпен барып, су басқан үйде қалып қойған келіншекті 4 баласымен құтқарып алды. Құтқару жұмыстары жалғасуда.