
Жаңалықтар
Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.
Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады.
«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», — деп жазды Президент.
Еске салайық, бүгін – Медицина қызметкері күні. Бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.