Жаңалықтар
Тоқаев инфляцияны биыл кемінде екі есе төмендету керек екенін міндеттеді
Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісінің пленарлық отырысында ең әуелі азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды екеніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Инфляцияны тежеу қажет. Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең әуелі азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту – негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.