Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Nur Otan»: Томарлы тұрғындары толғандыратын мәселелерін айтты

Қала іргесіндегі Томарлы ауылы тұрғындарын не мазалайды? Қоғамдық көлік қатынасы көпшілік көңілінен шыға ма? Күн санап аумағы үлкейіп келе жатқан іргедегі ауылдардағы әлеуметтік нысандар жергілікті жұртты толық қамтуға қауқарлы ма? Осындай маңызды мәселелер Атырау қалалық мәслихатына үміткерлер тобының жергілікті халықпен кездесуі барысында көтерілді.   

Кандидаттар Ислам Жанұзақов, Бағыт Шеркешбаева, Әміржан Нұрланұлы,  Бибінұр Қорған сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының кестесіне сай тұрғындармен кездесті.  «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын таныстырған олар «әртүрлі саланы қамтыған бағдарлама аясында бірқатар жұмыстар атқарылмақ. Мақсатымыз – халықты сайлауға қатысуға шақырып, жұмылдыру. Өйткені, әр дауыс – маңызды. Ол саяси науқанның ашық әрі әділ өткенін айқын аңғартады» дей келе, тұрғындарды азаматтық белсенділік танытуға үндеді.

Өз кезегінде басқосуға белсенді қатысып, «Nur Otan»  партиясының атқарған жұмыстарына оң бағасын беретіндерін айтқан тұрғындар ауылға қатысты өзекті мәселелерді де назарларынан тыс қалдырмады.

  • Сайлауға қатысып, дауыс беру – бәріміздің міндетіміз. Түрлі сылтау айтпай, сол күнгі науқанның маңыздылығын терең түсінуіміз керек. Өйткені, бұл таңдау біздің болашағымыздың қалыптасуына әсер етеді.
  • Біріншіден, ауылдағы балалар саз мектебінің ғимараты ескі. Бірнеше жылдық тарихы, зор жетістіктері бар өнер ордасына жаңа ғимарат салу – күн тәртібінде. Білуімізше, жері дайын, құжаттары жасақталған. Қаржы жоқтықтан қолға алынбай тұр. Осы мәселе назардан тыс қалмаса екен.
  • Екіншіден, қоғамдық көлік қатынасы реттелсе. Бұл жұмыс қаражатты да, ауқымды өзгерістерді де қажет етпейді. Жергілікті тұрғындардың сұраныстарына сай, автобустардың жүру бағыттарына сәл өзгерістер енгізілсе, дұрыс болар еді.
  • Үшіншіден, іргеміздегі Жұлдыз-3, Көктем ықшамаудандарында тұратындар саны көп. Ал, балабақша, мектеп жоқ. Осы мәселелер ескерілсе» деді шаруа қожалығының иесі Ғарифолла Жайбосынов.

Тұрғынның өңір үшін өзекті мәселені сөз етіп отырғанын атаған кандидаттар, сұрақтарды назардан тыс қалдырмайтындарын атады.

Қоғамдық көлік қатынасына қатысты тақырыпты жалғаған тұрғындардың бірі: «Нөмірі 59-шы автобусқа қатысты біраз мәселелер бар. Айналып ұзақ жүреді, жүру уақытына қатысты кестені сақтамайды әрі карточка арқылы төлеу жүйесі жоқ» деді .

Оған қоса, көшеде бұралқы иттердің көптігі және балалардың жол үстіне ойнайтынын айтқан тұрғын Геологтағы көпқабатты үйлердің сыртын тұрғындар өз қалаулары бойынша түрлі түске бояп алғанын айтты.

«Бұл үйлерлерде ПИК жоқ. Әркімнің әрқалай сырлауы үйдің келбетін бұзып тұр» деді ол.

Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан «Ауылдан «Дәулет нан» дүңгіршегі және банкоматтар ашылса» деген ұсыныстар да айтылды. Бұл мәселелерді де назарларынан тыс қалдырмаған кандидаттар мүмкіндігінше оң шешілуіне мүдделілік танытатынын жеткізді.

Келесі кезекте сөз алған зейнеткер: «Қазір әлеуметтік желіні бәріміз де қолданамыз. Адамдар арасында түрлі пікір болуы қоғамға жат құбылыс емес. Десек те, шынайы ақпаратқа сеніп, азаматтық ұстанымнан айнымай, «Nur Otan»  партиясы жасаған жұмысты жоққа шығарған теріс пікірлерге нақты жауап берген жөн. Мен партияның атқарып отырған жұмыстарын көріп отырғандықтан, 10 қаңтардағы сайлауда өз дауысымды «Nur Otan»  партиясына беремін!» дей келе, жастардың белсенділік танытуына риза екенін жеткізді.  

Кездесу соңында кандидаттар «Nur Otan»  партиясының бағдарламасындағы басты басымдықтарды атап, сайлау науқанына белсенді қатысуға, партияны қолдауға шақырды. Қатысушыларға «Nur Otan»  партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайық өмір!» сайлауалды бағдарламасын таратты. 

«Nur Otan»  партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

dsc02351

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button