Токио 2020: Атыраулық спортшы Ануар Сариев Токио Паралимпиада ойындарының финалына шықты

img 20210827 wa0022 Жаңалықтар

Ануар Сариев Токио Паралимпиада ойындарының финалына шықты!

Дзюдошы Ануар Сариев Токио Паралимпиада ойындарындағы екінші кездесуін сәтті өткізіп, финалға жолдама алды. Жартылай финалда жерлесіміз венесуэлалық Бланко Маркос Денистен басым түсті.

60 келіде белдесетін балуанымыз алғашқы кездесуінде моңғол спортшысы СухэБатор Ядамдоржды ұтқан болатын.

Финалдағы қарсылас әзірбайжандық Вугар Ширинли.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз