Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атыраудан 9 шетелдік еліне қуылды

Тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан аумағында алыс және жақын шетелден ағылып келіп жатқан азаматтар аз емес. Олардың арасында еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатындары да бар.

diversity-pic1

Жылыой аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Нәсіпкерейдің хабарлауынша, жергілікті жұртшылық арзан жұмыс күші ретінде пайдаланып жүрген өзбек ағайындары арасында заңсыздық жиі орын алады екен. Олардың ішінде сот арқылы еліміздің аумағынан шығарылып жіберілсе де, қасақана қаулыны орындамай, бой тасалап жүрген азаматтар да бар көрінеді. Ондайлар өз елінде қос қолына бір кәсіп көзі болмаған соң, амалсыз заңсыз жолмен болса да ақша тауып қалуға тырысады.

— Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде түрлі деңгейдегі құқық бұзушылық жасаған 59 шетел азаматы анықталды. Олардың барлығы да тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал, аудандық соттың қаулысымен шет мемлекеттен келген тоғыз адам Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, — дейді көші-қон полиция қызметінің бастығы А.Нәсіпкерей.

Ербол Қошақанов

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button