ТЕРРОРИЗМ БАБЫМЕН 6 ЖЫЛҒА СОТТАЛҒАН ЖІГІТТІҢ ШЫНДЫҒЫ (+ ВИДЕО)
Atr.kz/4-наурыз, 2019 жыл. Радикалдық бағыттағы салафизмнің жетегінде кеткен бүгінгі кейіпкеріміз Ержанның (есімі өзгертіліп алынды) жазасын өтеп жатқанына биыл екінші жыл.
Терроризмді насихаттағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған Ержан ақиқатты интернеттен іздеп, оңбай қателескенін мойындап, өкініп отыр.
«Ата-әжем бұған шыдай алмас еді…»
«Жұмақты уәде етуші Дарын Мубаров сияқтылар талай мұсылманның өміріне балта шапты. Қаншама қазақ баласы Ауғанстан, Пәкістан, Сирия жерлерінде көз жұмып, қаншама ана зар жылап қалды» деп әңгімесін бастаған Ержаннан өзі туралы көбірек білуге тырыстық.
Ержанның туған жері Ресей екен. «Бастауыш сыныпты да сол жақта оқыдым. Ата-анам жұмыста болды. Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда Құрманғазы ауданының Сүйіндік ауылына көшіп келдік. Сөйтіп, ата-әжемнің бауырында өстім. Жалғыз ғана қарындасым бар» деп, көзіне жас алған жігіт алыста қалған балалық шағын сағына отырып еске алды.
«Кішкене күнімде өлеңдерді көп оқитынмын. Мұхтар Шахановтың, Фариза Оңғарсынованың шығармаларын іздеп жүруші едім. Балалық та болар, келешекте өлең жазып, кітап жазуды армандадым. Өмірімнің бір сәтте тас-талқаны шыққанына әлі де сене алар емеспін» деген Ержан біраз үнсіздіктен кейін дін жолына қалай бет бұрғаны туралы айтып берді.
Ілімді Youtube-тан іздедім
Кейін қызығушылығым кітаптан гөрі, интернетке ауа бастады. Youtube-тан діни бағыттағы видеоларды іздей бастадым. Сөйтіп, Дарын Мубаровтың, Назратулла, Ділмұраттың (экстремистік сипаттағы уағызшылар – Ред.) түрлі тақырыптағы уағыздарын тыңдай бастадым. Олар негізінен ауған жеріндегі талибтер туралы айтатын. Көбіне талибтер мен америкалық солдаттар арасындағы соғыс туралы видеоларды іздейтін болдым. Себебі, жоғарыда аталған идеологтар талибтердің қасиетті соғыс, жәннат жолында күресіп жатқандығын айтатын.
«Қарабатанға жұмысқа тұрдым. Дінге деген қызығушылығым да осы кезеңде пайда болды. Компания Ресеймен маман алмасып отыратын. Бірде Сібірге зауыт салуға бардық. Компания жұмысшыларға жеке қонақ үй жалдап беретін. Қонақ үйде аялдаушыларға бар жағдай жасалған. Әр бөлмеде кітап сөресі болатын. Сол кітаптардың ішінде Інжіл кітабы да тұратын. Қол боста сөредегі кітаптарды алып оқитынмын. Иса Пайғамбар туралы да алғаш рет Інжілден оқып білдім. Кітаптың әсері болса керек, елге оралғаннан кейін де Иса Пайғамбар туралы айналамдағыларға айта бастадым. Сол кезде таныстарым Исаның христиан дінін таратушы Пайғамбар екендігін, мұсылмандардың соңғы Пайғамбары Мұхаммед (с.ғ.с.) екендігін айтып түсіндіре бастады. Сөйтіп, жергілікті мешітке барып жүрдім. Діни кітаптар алып оқи бастадым.
Кейін қызығушылығым кітаптан гөрі, интернетке ауа бастады. Youtube-тан діни бағыттағы видеоларды іздей бастадым. Сөйтіп, Дарын Мубаровтың, Назратулла, Ділмұраттың (экстремистік сипаттағы уағызшылар – Ред.) түрлі тақырыптағы уағыздарын тыңдай бастадым. Олар негізінен ауған жеріндегі талибтер туралы айтатын. Көбіне талибтер мен америкалық солдаттар арасындағы соғыс туралы видеоларды іздейтін болдым. Себебі, жоғарыда аталған идеологтар талибтердің қасиетті соғыс, жәннат жолында күресіп жатқандығын айтатын.
Бұл видеолардың еліте бастағаны сонша, кейін осындай видеоконтентті «ВКонтакте» желісіндегі жеке парақшама жүктеп алдым. Бұл 2017 жыл болатын. Осылайша, экстремистік бағыттағы видеоларды таратып, насихаттағаным үшін істі болып отырған жайым бар» деген Ержан қазір көп нәрсеге өкінетінін қайталай берді.
Бұл видеолардың еліте бастағаны сонша, кейін осындай видеоконтентті «ВКонтакте» желісіндегі жеке парақшама жүктеп алдым. Бұл 2017 жыл болатын. Осылайша, экстремистік бағыттағы видеоларды таратып, насихаттағаным үшін істі болып отырған жайым бар» деген Ержан қазір көп нәрсеге өкінетінін қайталай берді.
Бұл видеолардың еліте бастағаны сонша, кейін осындай видеоконтентті «ВКонтакте» желісіндегі жеке парақшама жүктеп алдым. Бұл 2017 жыл болатын. Осылайша, экстремистік бағыттағы видеоларды таратып, насихаттағаным үшін істі болып отырған жайым бар» деген Ержан қазір көп нәрсеге өкінетінін қайталай берді.
Тауқымет тұтас отбасын құртып жібереді
«Шынын айту керек, дін мәселесінде жүгінетіндей белгілі бір ортам болған жоқ. Достарым бар, бірақ, олар діннен алыс адамдар еді. Сондықтан да, діни мәселеде көп жағдайда Назратулланың, Дарынның пәтуаларына жүгініп адастым. Бұған қоса, Тимур Мурцураевтың джихад турлы өлеңдерін де тыңдап жүрдім. «10 мың адам жиналып, Иерусалимді басып аламыз» деген бағыттағы өлеңдері қару алып, соғысуға шақыратын. Сөйтіп мен талибандар қозғалысын ашық қолдай бастадым. Менің де қару асынып, сол «қасиетті» жолда кеткім келді. Өйткені, Дарын бастаған уағызшылардың насихатында «талибандар өзінің жерін қорғап жүр. Олардыкі жұмаққа апаратын қасиетті соғыс» деп айтылатын. Осындай адасудың соңы үлкен өкінішке алып келіп отыр.
Діни мәселеде көп жағдайда Назратулланың, Дарынның пәтуаларына жүгініп адастым. Бұған қоса, Тимур Мурцураевтың джихад турлы өлеңдерін де тыңдап жүрдім. «10 мың адам жиналып, Иерусалимді басып аламыз» деген бағыттағы өлеңдері қару алып, соғысуға шақыратын. Сөйтіп мен талибандар қозғалысын ашық қолдай бастадым.
Шынында, тауқымет түрмеге түскен адамның басына ғана келмейді. Ол тұтас отбасын құртып жібереді. Көп жағдайда баласының қайғысына көндіге алмаған әкелер ішкілікке салынып кетеді. Аналар төсек тартып ауырып қалады. Бала-шаға мөлдіреп тірілей жетім қалады. Мұның сыртында моральдық, психологиялық қыспақ тағы бар. Әйел үйде қалады. Өмір болған соң, осындай ауыр жағдайдан кейін келін мен ене сыйыспауы мүмкін. Енесі ұлының сотталғанын келіннен көруі ғажап емес. Міне, осындай жағдайлар шыны керек, талай шаңырақты ортасына түсіріп жатады.
Қазір шүкір, түрмеге ұстаздар жиі келіп тұрады. Көптеген сұрақтарымызға жауап береді. Бұған дейін өз басым джихад дегенді кәпірлермен міндетті түрде соғысу деп түсінген едім. Енді білемін, мұсылманның міндеті соғысып жүру емес. Мұсылман елін қорғау жолында ғана атқа қонуы керек. Ал, бейбіт күннің джихады – бұл өз нәпсіңмен күресу. Ілім алу. Рухани тұрғыда таза жүру.
Қазір бауырларымыздың көпшілігі Сирия соғысына кетіп қалып жатыр. Шындығында, ол дұрыс емес. Сириядағы ДАИШ болсын, Ауғанстандағы талибандар болсын, мұның барлығының артында бизнес пен саясат жатыр» деген Ержан дінге бет бұрған адамдардың адасу себебін атады.
Қателесудің басы «өзім жинақтаймын» дегеннен басталады
Оның пікірінше, қателесудің басы «Өзім жинақтаймын. Керегін аламын» деген эгоистіктен басталады. «Негізінде, мұсылман бір мәзһабты ұстануы керек. Асылында, мәзһабтардың географиясы сақталуы тиіс. Ұлттың, қауымның діни ұстанымы салт-дәстүрімен, тарихымен байланысып жатады. Имам Ағзам Әбу Ханифаның жолы дәстүрлі қазақ қоғамының қайнар көзі. Мысалға, қазақта құданы құрметтеп, бас тартып жатады. Мұның шариғатқа ешқандай қайшылығы жоқ. Марқұмның садақасын беру де – тіріні тәубеге келтіретін жағдай. Яғни, дәстүрлі қазақ қоғамының діні мен ділі, дәстүрі бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Біз осыны түсінуге және қабыдауға тиіспіз» дейді Ержан.
Сөз соңында біз Ержаннан оның арман-мақсаттары туралы сұрадық. «Өзім мамандығым бойынша электрикпін. Жеті жылдай осы салада жұмыс істедім. Осы салада дамығым келеді. Қазір түрмеде отырып, ағылшын тілін үйреніп жатырмын. Әжептәуір еркін сөйлейтін деңгейге жетіп қалдым. Ағылшын тілінен сабақ беретін ұстаздан кітап алып тұрамын. Осылайша, мүмкіндігімше тіл үйренудемін» деген Ержан оқырмандарға өзегін өртеп жатқан өкініші туралы жеткізуімді сұрады.
P.S. «Дәл қазіргі кезде екі баламның қалай өсіп жатқанын көре алмай отырғаныма өкінемін. Анамның аялы алақанын аңсаймын. Әйелімнің жас өмірін қор қылдым. Қызғалдақтай ғана қарындасымның ағасын сағына күтіп жүргенін де сеземін. Сол үшін анамнан бастап, отбасымнан, отандастарымнан кешірім сұраймын» деді бізбен қоштасарында Ержан.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.
Түрмеден жеткен хат
Анашым, жыламашы
Иә, анашым, жыламашы, сен жыламағын,
Мен-дағы, әлі ақ үйге ораламын.
Мен үшін жатсаң, тұрсаң дұға тілеп,
Болды ғой – бұл сенің басты арманың.
Иә, анашым, жыламашы, сен жыламағын,
Мен сүріндім, әсте де құламадым,
Ойлауменен cарыуайымға түсе берме
Денім сау, алаңдама, мен аманмын,
Иә, анашым, жыламашы, сен жыламағын
Сенім тек ұлыңа деген құламағын
Көп нәрсенің қадірін түсінбей жүрсем,
Енді түсініп, мен үйге ораламын.
Иә, анашым, жыламашы, сен жыламағын,
Бұл іске көп адамды кінәладың.
Әр ана өз баласын жақтайды ғой,
Білсең етті балаңнан да кінә барын.
Иә, анашым, жыламашы, сен жыламағын,
Көз жасыңа өзімді сан кінәладым.
Жамандықтың келген бәрін жұрттан көрме!
Тек өзімді, анашым, кінәлағын.
Өмірім кері оралса, кері самғай,
Өтер ем жүрегіңе жара салмай,
Бірақ та, мұның бәрі бекер ой ғой
Шамам жоқ тағдырменен таласардай...
(Ержанның анасына жазған хаты)