Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Террористік шабуыл жасамақ болған топ мүшелері қолға түсті

  Atr.kz/3 ақпан, 2020 жыл.  Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымды ұстанатын 5 адамды ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды.

 Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған.

«Оларға қатысты террористік топ құру, оған басшылық жасау және оның әрекетіне қатысу (ҚР ҚК 257-бабы), сондай-ақ терроризмді насихаттау (ҚР ҚК 256-бабы) фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Тергеу нұсқасына сәйкес, аталған топ республика аумағында, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерлерде террористік акті жасау мақсатында құрылған. Тергеу жалғасуда.

Дереккөз: https://www.inform.kz

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button