Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Теңіздегі жұмысшылардың 90% -да короновирустың симтомпсыз жағдайлары тіркелген

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл.  Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Теңізшевройл» ЖШС мемлекеттік және қоғаммен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиев мәлімдеді.


— Айта кету керек, Теңіздегі жұмысшылардың 90% -да ауру симптомсыз болып табылады. Бүгінгі күні Теңіз кен орнында ПТР талдауларының саны 8000-нан асты, орташа есеппен күн сайын 400-ге жуық талдау жасалады. Бұл Қазақстандағы жан басына шаққандағы тестілеу көрсеткішінен бірнеше есе жоғары »- деді, ол.
Бұл тәсіл арқылы науқастармен байланысқан тұлғаларды анықтау статистикаға айтарлықтай әсер етті. Нәтижесінде, коронавирус бойынша оң нәтижелер санының өсуін көрсетті. Жаппай сынақтар жүргізу барысында  вирус белгілері жоқ адамдарда да ауру анықталды.


— ТШО мен мердігер ұйымдар санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен бірге және оның нұсқауларына сәйкес тестілерді жинау, жұқтырған адамдарды анықтау және жеке адамдарды оқшаулау бойынша іс-шараларды жалғастырады.

Біз осы мүмкіндікті пайдаланып, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлеріне және Ұлттық сараптама орталығы, облыстық денсаулық сақтау басқармасына медициналық қызметкерлеріне  ПТР талдаудың тиімді процесін ұйымдастыруға көмектескендері үшін алғыс айтамыз » — деді Р. Артығалиев.

Қазіргі уақытта Теңіз кен орнында мемлекеттік мекемелерден берілген медициналық құралдармен жабдықталған инфекциялық стационар бар.

Стационар коронавирустық инфекцияның жұмсақ және симтомпсыз түрімен ауыратын науқастарды қабылдайды. Мұнда,  науқастар Қазақстан Республикасында қабылданған хаттамаларға сәйкес емделеді. Қазіргі уақытта осы ауруханада 376 адам ем қабылдап жатыр. Теңізде оқшаулау, әлеуметтік қашықтық, бетперде кию және жеке гигиеналық шаралар  қатаң сақталған. Аталған сақтық шаралары Теңіздегі барлық қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. 

Біз барлық мердігерлер мен олардың қызметкерлерінен осы шараларды орындауды күтеміз. Олай болмаған жағдайда, ТШО келісімшарттар мен еңбек шарттарын бұзуға дейін қатаң шаралар қолданады.

ТШО қауіпсіздік қызметі Жылыой ауданының әкімдігімен, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және полиция департаментімен бірлесіп, Теңіздегі ауысымдық лагерлерде осы стандарттардың  орындалуын үнемі қадағалап отырады- деп баса айтты Артығалиев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button