Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

Теңіз кенішінде коронавирустан емделіп жатқан науқас жоқ

«Жасыл» аймақтағы Атырау облысының Теңіз кенішінде ашылған инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатқан науқас жоқ.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте – 22 ақпанда 12 адамнан коронавирус инфекциясының белгісі анықталған. Науқастар Атырау қаласында, Теңіз кен орны мен Жылыой ауданында тіркеліп отыр.

«Қазір өз үйінде 380, ал, инфекциялық стационарларда 50 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде модульдік ауруханада – 33, аудандардағы инфекциялық стационарларда – 14, №2 облыстық ауруханада 3 пациент оқшауланған. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарға емделу үшін науқастар түскен жоқ», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, 2 360 орындық инфекциялық стационарлардағы жүктеме 2,1%-ды (50 науқас) құрап отыр. Инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орынға есептелген жансақтау бөлімінде жағдайы нашарлаған 9 науқас емделіп жатыр. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 8,5%.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button