Теңіз кенішінде 14 күнге карантин жарияланды
Atr.kz/5 мамыр, 2020 жыл. Теңіз кенішінде жаңа шектеулер енгізіліп жатыр. Назарларыңызға қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Теңіз кеніші аумағында қосымша шектеулер енгізу туралы қаулысы.
Теңіз кенішінде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық ахуалға, сондай-ақ, жұмылдырылған және демобилизацияланған жұмысшылар арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының тіркелуіне байланысты COVID-19 коронавирустық инфекциясының Атырау облысы тұрғындары арасында тарап кетуінің алдын-алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
2020 жылдың 1 мамыры сағат 00.00-ден бастап, Теңіз кеніші аумағына 14 күнге дейін шектеу шараларын енгізілсін.«Теңізшевройл» ЖШС Атырау облысы әкімімен бірге:
1) Теңіз кенішінде COVID-19 инфекциясы болуы мүмкін ауру белгілері бар тұлғалар үшін жұмысшылар санын ескере отырып, 300 орындық провизорлық стационар жасақтау.
2) COVID-19 ауруын жұқтырған науқастармен байланыста болғандар үшін сақталуы тиіс талаптарды ескере отырып, вахталық поселкелерде карантиндік керуеттер жасақтау.
Атырау облысы әкімдігі, «Теңізшевройл» ЖШС және Теңіз кенішіндегі басқа да ұйымдарға:
1) Теңіз кенішіндегі өндірісті және өзге де қызмет түрлерін қамтамасыз етуге жұмылған персонал мен көлік, Теңіз кенішінен тұрақты мекен-жайына шығарылуға жататын персоналдар, азық-түлік тағамдарын тасымалдап отырған көліктерден басқа, мал өнімдері, дәрі-дәрмек, медикаменттер, құрылыс материалдары, жанар-жағармай және жұмысшылар мен өндірістің тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тасымалдан басқа, көліктердің Теңіз кенішіне кіруіне және шығуына толықтай тыйым салсын;
2) Жөнелтпе құжатсыз, санитарлық тазалаусыз және тіркеусіз (көлік санын, өту уақытын, қозғалыс бағытын, қажет жағдайда қайта оралуын) көлік құралдарының кіруіне жол бермесін;
3) Түнгі ауысымдағы өндіріс жұмысына тартылған персоналдар, Теңіз кенішінен тұрақты мекен-жайына шығарылуға жататын жұмысшылар, сондай-ақ, олардың тасымалына жұмылдырылған жұмысшылар және дәрігерлік бөлім жұмысшылары (шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайында), өрт сөндіру қызметкерлері, нысандарды күзету қызметтері, авариялық қызмет, тіршілікті қамтамасыз ету нысандары жұмысшылары және Рамазан айында ораза ұстап жатқан жұмысшыларды қоспағанда, сағат 21.00-05.00 аралығында вахталық поселкелер арасында және ішінде адамдар қозғалысына тыйым салынсын;
4) Теңіз кенішінен жұмысшыларды демобилизациялауды барынша жеделдетсін;
5) Атырау облысы аумағында тұратын Теңіз кенішіндегі жұмысшыларды демобилизациялауды COVID-19 инфекциясына Атырау қаласында тест тапсырғаннан және COVID-19 инфекциясына ПТР тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткеннен кейін жүзеге асырсын;
6) Қайта оралып жатқан жұмысшыларды COVID-19 инфекциясына ПТР сынама алу арқылы, 14 күндік карантинге оқшауласын.
7) Вахталық поселкеге кірер-шығар алдында медициналық тексеруді, соның ішінде термометрияны ұйымдастырсын.
8) Жұмыс уақытынан тыс мезгілде жұмысшылардың бірлесіп тамақтануына, өзара араласуына шектеу енгізсін;
9) Жұмысшылардың тұрып жатқан жерінен жұмыс орнына санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көлікпен барып-келуін қамтамасыз етсін (жолаушылар арасындағы ара қашықтық бір метрден кем емес, жолаушылар автобус ішінде маскада болуы тиіс);
10) Жұмысшылардың барлығын жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етсін;
11) Дезинфекциялық құралдармен бөлмелерді, соның ішінде есік тұтқалары, сөндіргіштер, тұтқалар мен таяныштарды, жанасатын беттерді (қызметкерлердің үстелі мен орындықтары, оргтехника), жалпылама қолданыс орындарын (тамақтану мен тынығу бөлмелері, санитарлық тораптарды, спортпен шұғылданатын бөмелер мен құралдарды) міндетті жинастырып тазартсын;
12) Вахталық поселкедегі қоғамдық қозғалыстағы қоғамдық тамақтану нысандарында санитарлық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №32 Қаулысына сәйкес күшейтсін;
Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасына, «Теңізшевройл» ЖШС, Теңіз кен орнында медициналық қызмет көрсететін мекемелерге:
1) қызметкелерден COVID-19 дертіне материал алуды ұйымдастыру, оны әрі қарай «Ұлттық сараптама орталығы» вирусологиялық лабораториясына немесе «Мырза Хан» ЖШС-не (Олимп) жеткізсін;
2) Алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелеріне тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық бақылаудан өту мақсатында вахталық қызметкерлердің тізімін жіберуді ұйымдастырсын;
3) вахталық кенттерде тұратын барлық адамдарға 2 реттік термометрия (таңертең және кешке) өткізіп, сондай-ақ сұрақ қою арқылы ЖРВИ белгілерін анықтай отырып, күнделікті медициналық бақылау ұйымдастырсын;
4) жұмысқа шығуды немесе шықпау себептерін анықтай отырып, тиісті шараларды қолданып, сондай-ақ ӨЖШ-қа ақпарат жеткізу арқылы тексеріп отырсын;
5) COVID-19 белгілілері бар адамдар анықталған жағдайда медициналық бақылау үшін провизорлық стационарға жатқызсын.
Атырау облыстық Полиция департаментіне:
1) Теңіз кен орнына кіретін және шығатын жерлердің барлығына блок-посттар орнатсын;
2) кен орнынан демобилизацияланғандардан басқа Covid-19 дертіне тест жасамаған адамдардың шығып кетуін болдырмасын;
3) тұрғын блоктарындағы бейнебақылау камералары арқылы карантиндік шаралардың (қабаттар мен бөлмелер арасындағы қозғалыс) сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;
4) карантиндік және шектеу шараларын бұзу фактілері анықталған жағдайда өз құзіреті мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде әкімшілік шаралардың жедел түрде қабылдануын қамтамасыз ету, сондай-ақ алдын алу мақсатында аталған фактілерді БАҚ-та кеңінен көрсетсін;
5) карантиндік аймақты қоршауға алуды қамтамасыз ету, вахталық кентке кіруді және адамдардың рұқсатсыз енуін болдырмасын.
Жылыой ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына:
1) COVID-19 бойынша әр жағдайға байланыста болғандарды анықтай отырып, компанияның медициналық қызметкерлерімен бірлесе отырып, эпидемиологиялық тексеріс жүргізсін (жақын қарым-қатынас жасағандар, байланыста болуы мүмкін адамдар), сондай-ақ, COVID-19 диагнозы расталған (болуы мүмкін) тұлғалар арасында ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №32 Қаулысына сәйкес анкета жүргізсін;
2) COVID-19 инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары тұлғаларды дер кезінде карантин түріне оқшауласын;
3) Карантин жағдайында эпидемиологиялық режимді сақтай отырып, науқаспен байланыста болғандарды оқшаулауды бақыласын;
4) ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің №32 Қаулысына сәйкес, байланыста болғандардан, үй карантинінде жатқандардан және өзімен бірге тұратындардан үйде оқшаулану туралы Ережелерді орындайтындығы туралы қолхат болуын қамтамасыз етсін.
Аталған Қаулының орындалу жұмысын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аталған Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Атырау облысының Бас Мемлекеттік
санитариялық дәрігері Т.Мұсағалиев