Теңіз кен орнындағы жұмысшылар ереуілге шықты
Бүгін Атырау облысының Жылыой ауданында Теңіз кен орнында «Senimndi Kurylys» ЖШС мердігерлік компаниясының қызметкерлері біржолғы сыйақыға қатысты түсіндіруді талап етті.
«11 ақпан күні сағат 10:30-да үзіліс кезінде Теңіз кен орнының үшінші буын зауытының 42-учаскесіне тартылған «Senimndi Kurylys» ЖШС-нің 200 қызметкері жиналып, 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін жұмысқа қабылданған қызметкерлерге бір реттік сыйақыға қатысты түсіндірме беруді талап етті. Қазір Атырау облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Теңіз кен орнында Жылыой ауданы әкімі Ж.Қаражановтың төрағалығымен арнайы комиссия құрылды», — деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Комиссия құрамында «Теңізшевройл» ЖШС өкілдері, «Senimdi Kurylys» басшылығы мен жұмысшылары, Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлері бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы қосымша хабарланады.