ЖаңалықтарЭкология
Теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түсуі ықтимал
Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. «Қазгидромет» РМК таратқан ақпаратқа сәйкес — Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде деңгейдің ауытқуы ең жоғары белгі минус 27,62 м дейін көтеріліп және ең төменгі белгі минус 28,60 м дейін төмендеп, минус 28,01 м белгісі шамасында болады деп күтілуде.
Кәсіпорынның ресми сайтында: «Каспий теңізінің деңгейіне әр апта сайын болжам жасалады. 06-11 тамыз аралығында Пешной метеостанциясы ауданында теңіз деңгейі шекті белгіден төмен түседі деп күтілуде!«, деген ақпарат таратылды.
Метеорологтардың 22 шілде мен 3 тамыз аралығындағы теңіздің су бетінің нақты жай-күйі болжамға сәйкес болған.
Каспий теңізі бойынша барлық ақпарат «Қазгидромет» РМК-ның ресми сайтында ұсынылған.