Жарнама
Жаңалықтар

Теңдік станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді

Теңдік станциясында жүк көлігі мен жүк пойызының соқтығысуына байланысты тоқтатылған пойыз қозғалысы толықтай қалпына келтірілді. Қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде жүргізіліп, сағат 22:14-тен бастап жолаушылар пойыздарының қозғалысы қайта жанданды.

img 9933
Screenshot

“Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат салдарынан рельстен шығып кеткен вагондар мен локомотив көтерілді. Ұзындығы 200 метр болатын зардап шеккен учаскеде жер қазу және жаңа рельс-шпал торын төсеу жұмыстары атқарылды. Оған 167 теміржолшы, екі қалпына келтіру пойызы және алты автокөлік жұмылдырылды.

Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп, кешіктірілген пойыз жолаушыларын Қарабатан станциясынан Атырау қаласына автобустармен жеткізу ұйымдастырылды. Сонымен қатар жолаушыларға ыстық тамақ берілді.

Айта кету керек, оқиғанын орын алуына жүк көлігі жүргізушісінің теміржол өткелінен өту ережелерін бұзуы себеп болған!

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button