ЖаңалықтарФОТОГАЛЕРЕЯҚоғам
Теміржол бекеттері жолаушыларды қабылдауға дайын
Аtr.kz/28 мамыр, 2020 жыл. Атырау қаласындағы темір жол бекеті санитарлық талаптарға сай ма? Егер жолаушылардан ауру белгісі байқалған жағдайда не істеу керек? Вокзал қызметкерлері жаңа талаптармен таныс па?
Міне, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Атырау желі бөлімшесі» филиалында өткен жиында осы мәселелер талқыланды. Оған Атырау көлік прокурорының орынбасары С.Сейтжан төрағалық етті. Жиналыс «Zoom» бағдарламасының көмегімен онлайн режимде өтті. Қатысушыларға аймақтың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы таныстырылды. Нәтижесінде, тиісті хаттама толтырылды.
«Atr-Ақпарат»