Теміржол ауруханасының алдында не болған?
Жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші айыппұл арқалады.
31 қаңтар күні сағат 09:15 шамасында 31 жастағы азамат көлік құралын басқаруға құқығы жоқ бола тұра, Берғалиев көшесі, Темір жол ауруханасының тұсында “Lada Largus” маркалы көлігін басқарып, екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатырған маркасы “ВАЗ 2110” көлік құралына соқтығыс жасаған. Жол-көлік оқиғасы орын алғаннан кейін, өзі қатысушы бола тұра оқиға болған жерден кетіп қалған.
Аталған азамат патрульдік полиция қызметкерлерімен дереу анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлімімен _(Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы, Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер)_ және ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 3 бөлімімен _(Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы)_ әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен 343 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Одан басқа, 1 қаңтар күні сағат 16:05 шамасында 1986 ж.т., азамат көлік құралын жүргізу құқығы жоқ бола тұра, “Lada Vesta” маркалы автокөлігін басқарып, Геолог поселкесі, Астана көшесінде жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орын алған жерден кетіп қалған.
Аталған азамат патрульдік полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабының 3 бөлімімен _(Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы,Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ не басқару құқығынан айырылған адам жасаған әрекеттер)_ және ҚР ӘҚБтК-нің 611 бабының 3 бөлімімен _(Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы)_ әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен 343 056 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласы Полиция басқармасына жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан кетіп қалған 72 факт тіркелді. Оның ішінде екеуі жүргізу куәлігін оқымаған күйде болған.
Осыған байланысты, Атырау қаласы Полиция басқармасы жүргізушілерге жол-көлік оқиғалары орын алған жағдайда оқиға орнынан кетіп қалмай, Ішкі істер органдарына міндетті түрде хабарлау керектігін, хабарламаған жағдайда ҚР ӘқБтК-нің 611 бабының 2 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл алуға немесе бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуларыңыз мүмкін екендігін ескертеді.