«Теміртауды» жеңген «Бейбарыс» бүгін кешке екінші кездесуін өткізеді (ВИДЕО)

111 БЕЙНЕЖАЗБА

Atr. kz / 16 – ақпан. Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатында шешуші ойындар басталды.

Атыраудың «Бейбарысы» ¼ финалында «Теміртау» клубын қабылдап, алғашқы жеңісіне ие болды.

Кездесудің бірінші кезеңінде қос қарсылас та есеп аша алмады. Владимир Клинга жаттықтыратын «Бейбарыс» хоккейшілері екінші кезеңде ширақ ойын көрсете бастады. Иван Степаненко мен Владимир Бакиканың көмегімен 24 минутта Антон Некряч есеп ашты. Ал, үшінші кезеңнің соңына таман Евгений Чемерилов пен Константин Куликов теміртаулықтардың қақпашысы Богдан Белоконскийді қапы қалдырып, қақпасына тағы екі шайба соқты. Қорытынды есеп 3:0.

Бүгін кешкі сағат 17.00-де Хиуаз Доспанова атындағы мұз айдынында «Бейбарыс» қонақтармен екінші кездесуін өткізеді. Сүйікті командамызды қолдап, жанкүйер болайық!

Бақытжан ЖҰМАТ.

Өзге ойындардың нәтижелері төмендегідей:

«Алтай» – Торпедо» — «Номад» 1:2 Б,

«Ертіс» — «Құлагер» 0:2 ,

«Арлан» — «Алматы» 1:2.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз